
Миланда (Италия) шорт-тректен әлемдік турдың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы командалық эстафетада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан құрамасы сапында астаналық спортшы Әділ Ғалиахметов өнер көрсетті. «Қазақ көшпенділері» командасы 5000 метрге финалда бақ сынап, Италия мен Канададан кейін үшінші орын алды.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2024-2025 жылдардағы әлемдік тур кезеңіндегі екінші жүлдесі. 2024 жылдың желтоқсан айында әйелдер құрамасы да 3000 метрге эстафетада қола жүлдегер атанды.