Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан ерлер хоккей құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Финалда отандастарымыз Жапонияны 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, ел қоржынына кезекті алтынды салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Команданың үздік шабуылшылары қатарында Роман Старченко мен елордалық Кирилл Панюков ерекше көзге түсті – әрқайсысы турнирде 9 шайбадан соғып, мергендік танытты.
Олег Болякин жаттықтырған жігіттер Харбинде өткен барлық матчта қарсыластарын қапы қалдырды. Топтық кезеңде Қытай (6:1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея құрамаларын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тізе бүктірді.
Астанадан 14 спортшы ұлттық құраманың сапында өнер көрсетті:
Джелал-ад-дин Амирбеков;
Әділ Бекетаев;
Дмитрий Бреус;
Данил Бутенко;
Самат Данияр;
Тамирлан Гайтамиров;
Вячеслав Колесников;
Әлихан Өмірбеков;
Руслан Оспанов;
Кирилл Панюков;
Максим Павленко;
Евгений Рымарев;
Кирилл Савицкий;
Андрей Шутов.