Астанада Ардагерлері кеңесінің V пленумы өтті

Астанада Ардагерлері кеңесінің V пленумы өтті

Астана қаласында Алматы ауданы Ардагерлері кеңесінің V пленумы өтті. Жиынға Астана қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Алматы ауданы филиалының төрағасы Азамат Айтқожин және Астана қаласы Мәслихатының депутаттары мен аудан ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өмірден өткен ардагерлерді бір минуттық үнсіз еске алудан кейін пленум отырысын Алматы ауданы ардагерлер кеңесі төрағасы Марат Мұстафин ашып, аудандық ардагерлер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмысы мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы баяндама жасады.

«Өткен жыл еліміздің өмірінде маңызды оқиғалар көп болды. Дегенмен ардагерлеріміз алға қойған міндеттерді абыроймен атқарды. Былтырғы жылы біздің Алматы ауданында зейнеткердің саны 36 мыңға жетті. Олардың 8 мыңнан астамы Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің құрамында болса, 66-сы бастауыш ардагерлер ұйымдарына біріктірілген. Аудан ардагерлері Кеңесінде 4 Ұлы Отан соғысының және 267 тыл ардагерлері бар. Төртеуі ҚР-ның алдындағы ерекше еңбегі үшін марапатталған, және «Қазақстанның Еңбек Ері» сыйлығын алған 4 адам бар», – деген Марат Кәрімұлының баяндамасынан кейін талқылау басталып басқа да қатысушыларға сөз берілді.

Осылайша күн тәртібінде ардагерлердің бастауыш ұйымдарының жаңа құрылған Сарайшық ауданында өткізу және оларды Алматы аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшелігінен шығару сияқты мәселелер қаралып, ардагерлер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, оң баға берілді.