8-9 ақпанда демалыс күнгі жәрмеңке өтеді

8-9 ақпанда демалыс күнгі жәрмеңке өтеді

Астанада 8-9 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары жеміс-жидек пен көкеніс, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырын, жем және т.б. сатып ала алады.

Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Жәрмеңке әр демалыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.