Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды

Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды

Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ол 1000 метр қашықтықта нео-сеньорлар санатында бірінші орын алып, 1:21.74 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигл (1:22.77) иеленсе, қола норвегиялық Айне Наккенге бұйырды (1:23.50).

Осыған дейін Алина Дауранова командалық спринтте алтын, 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.