Астанада қаланың коммуналдық қызметтері қар күреу бойынша тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
20 қаңтарда түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 1400-ден аса арнайы техника мен 300-ден астам коммуналдық қызметкер қар күреуге шықты.
20 қаңтарда күндіз Астанадан 2868 үлкен ауыр жүк рейсімен 36 мың текше метрге жуық қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 278 607 рейспен 3,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Қысқы маусым басталғалы бері полигондарға 3,5 миллион текше метрден астам қар шығарылып, 278 607 рейс жасалды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.