Астана әкімі азаматтарды қабылдады

Астана әкімі азаматтарды қабылдады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында көтерлген мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Азаматтарды қабылдадым. Тұрғындар негізінен баспана, әлеуметтік нысандар салу, медициналық және әлеуметтік көмек, абаттандыру және т.б. мәселелер бойынша жүгінеді.

2024 жылы рекордты көлемде мектептер салдық. Мысалы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясының өзінде жаңа форматтағы 24 мектептің 16-сын салдық. Қалған 8-ін биыл тапсырамыз. Сол сияқты өзге де мемлекеттік мектептер саламыз, оның ішінде оқу орындарының құрылысына жеке қаражат та тартамыз.

Тұрғын үй мәселесін бірнеше бағыт бойынша жүргізіп жатырмыз. Олар – кезекте тұрғандар үшін әлеуметтік пәтерлер салу, апатты және ескірген тұрғын үйлерді бұзу, көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жөндеу.

Көктем мезгілі келген сәттен бастап аула мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, көгалдандыруға, жолдарды жөндеуге және т.б. кірісеміз.

Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстаймыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.