Астанада мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек

Астанада мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және дамыту Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басым міндеті. Қалада 36 000-нан астам мүгедек адам тұрады, оның 26 000-нан астамы ересектер, 10 000-нан астамы балалар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2024 жылы мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етуге 37 мыңнан астам түрлі құралдар ұсынылды: протездік-ортопедиялық көмек,сурдологиялық көмек, кресло-арбалар, санаторий-курорттық емдеу және т. б.

2024 жылы 7 761 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алды. Бұл қызметтер 11 ведомстволық бағынысты мекемелерде көрсетіледі. Негізгі мекемелердің арасында:
1. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;
2. «Нұрлы жүрек» орталығы;
3. «Қамқор» орталығы;
4. «Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығы;
5. «Үміт» дағдарыс орталығы;
6. «Жансая» орталығы және т.б.;

2024 жылы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың саны артты.

Олар:
* «Балам-ай» ҚҚ-жартылай стационарда 414 адам.
* «Erekshe analar» ҚҚ — жартылай стационарда 413 адам.
* «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы»ҚБ-үйде 398 адам.
* «Орда»ҚБ (аутизмі бар балалар) — үйде 719 адам (18 жасқа дейін), 18 жастан асқан 11 адам.
* «Береке Астана мүгедектер бірлестігі» ҚБ-593 адам үйде, 413 адам жартылай стационарда.
* «Солнечный мир» ҚҚ- 136 адам.
* «АСТ Астана әлеуметтік технологиялар» ҚБ-жартылай стационарда 357 адам.
* «Қорғау -Дағдарыс орталығы»- 410 адам.