Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, "Астана Ветсервис" ШЖҚ КМК учаскелік инспектормен бірлесіп, Сарыарқа ауданында үй жануарларының иелері арасында бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Чиптердің немесе вакцинацияны растайтын құжаттаманың жоқтығы анықталған жағдайларда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР қолданыстағы кодексіне сәйкес айыппұл жазылды.
ӘҚБтК-нің 407-2-бабына сәйкес, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар көзделген:
Жеке тұлғалар үшін: 10 АЕК × 3 692 теңге = 36 920 теңге.
Лауазымды тұлғалар үшін: 20 АЕК × 3 692 теңге = 73 840 теңге.
Іс-шара үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін арттыруға және жұқпалы аурулардың таралу қаупін азайтуға бағытталған.
"Барлық жануарлар иелерін заңнама нормаларын сақтауға, чиптеуді, вакцинациялауды және заңда көзделген өзге де міндетті іс-шараларды уақтылы жүргізуге шақырамыз. Үй жануарларына жауапкершілікпен қарау олардың денсаулығы мен қауіпсіздігінің кепілі, сондай-ақ қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып саналады", - делінген басқарма мәлімдемесінде.