Шерзод Пулатов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Шерзод Пулатов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл күн – ата-бабаларымыздың асқақ арманы жүзеге асқан, егемендігімізді ту етіп көтерген ұлы мереке. Тәуелсіздік – еркіндік пен елдігіміздің бастауы, бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың символы.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз өркендеп, әрдайым бейбітшілік пен татулықта гүлдене берсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!», - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.