Жаңа челлендж: астаналық оқушылар көк туды желбірегеніне арнап ән шырқады

Жаңа челлендж: астаналық оқушылар көк туды желбірегеніне арнап ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары көк тудың желбірегеніне, ел тәуелсіздігінің құрметіне арнап ән шырқады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы, болашақ ұрпаққа қалдырған аманаты.
Көк тудың желбірегені – елдігіміздің айғағы,
Бабалардың ерлігі – ұрпаққа қалған байрағы.

Біз, жастар туған еліміздің даңқын асқақтатып, жарқын болашағына үлес қосуға дайынбыз! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» - деген №80 мектеп-гимназиясының оқушылары бұл челленджді қаладағы өзге де мектептерге жолдады.

Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай қала мектептерінде сынып сағаттары өтті.