Елордадан бір түнде шамамен 15 мың текше метр қар шығарылды

Елордадан бір түнде шамамен 15 мың текше метр қар шығарылды

Қыс мезгілінің басынан бері елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Осы уақыт ішінде қар полигондарына 70 мыңнан астам рейс қар шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

7-інен 8 желтоқсанға қараған түні коммуналдық қызметтер 15 мың текше метрден астам қар шығарды, полигондарға 1 249 рейс жасалды.

Бүгін қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 1,2 бірліктен астам арнайы техника және 2,6-дан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 890 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 70 233 жүк көлігінің көлеміне тең.