Елордалық саябақта бұқаралық шаңғы жарысы өтеді

Елордалық саябақта бұқаралық шаңғы жарысы өтеді

Астананың орталық саябағындағы шаңғы-роллер трассасында 30 қараша күні бұқаралық шаңғы жарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушыларды тіркеу жарыс күні сағат 08.00-ден 09.30-ға дейін өтеді. Ашық ауада барлық жастағы қала тұрғындары мен спорт әуесқойлары шақырылады.

Жүгіру қашықтығы 2,5 км болады. Мәре сызығында бәріне естелік медальдар табыс етіледі.