Елорданың мекемелері мен кәсіпорындары Республика күнін мерекелеуге арналған патриоттық челлендж өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Олардың қатарында ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, ҚХА мүшелері, ведомстволар мен кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының қызметкерлері, ШОБ қызметкерлері және т.б. бар.
Патриоттық іс-шара бүгін сағат 10.00-де ұйымдастырылды. Оған 20 мыңнан астам адам қатысты. Видео әлеуметтік желіде #25КазанРеспубликакуни, #AstanaRespublikakuni, #Меніңрәміздерімменніңмақтанышым хэштегтерімен жарияланды.