Референдум-2024: Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады

Референдум-2024: Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады

Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады. Учаскелердің бәрінде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады.

Астанада таңертеңгі сағат 7-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:

- Ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/  

- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot  

- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;

- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.