Елордалықтар сайлау учаскесін 4 тәсілмен онлайн біле алады

Елордалықтар сайлау учаскесін 4 тәсілмен онлайн біле алады

Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпы республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Елорда тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ, бірнеше әдіспен біле алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді жылдам алуға болады. Оны келесі жолдармен жасауға болады:

- Ресми веб-қызмет:  https://referendum.astana.kz/
- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша  
- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қосымшаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алыңыз.