Астанада Дүниежүзілік қарттар күніне орай концерт ұйымдастырылады

Астанада Дүниежүзілік қарттар күніне орай концерт ұйымдастырылады

Дүниежүзілік қарттар күніне орай Астанадағы орталық саябақта мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

30 қыркүйек күні сағат 15:00-де басталатын іс-шарада №5573 әскери бөлімнің әскери оркестрі, «Парасат» ансамблі және «Үркер» аула клубының балалары өнер көрсетеді. Концерт алаңы Beeline Arena маңында орналасады.