Астанада 3200-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді, 540 қылмыстық құқық бұзушылық ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық полицейлердің мәліметінше, соңғы уақытта WhatsApp мессенджеріне заңсыз кіру фактілері жиілеп кетті. Зардап шеккендердің атынан барлық байланыстарға ақша қаражатын қарызға беру туралы өтінішпен тарату жүзеге асырылады, бұл ретте үшінші тұлғалардың банктік шоттарының деректемелері көрсетіледі.
Зиянкестер WhatsApp жеке аккаунтына зиянды сілтемені пайдалана отырып, көрсетілген сілтеме бойынша өткеннен кейін астаналықтардың есептік жазбасына кіре алатыны анықталды.
Осыған байланысты полицейлер азаматтарды, әдетте, ұтыс ойынының жүлделері, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге ескертеді, сондай-ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуге шақырады.
Егер сіз күдікті сілтемеден өткен болсаңыз, қосымшада «Параметрлер» бөліміне өтіп, «байланыстырылған құрылғылар» қойындысына өтіп, есептік жазбаға параллель кірудің бар-жоғын тексере аласыз. Егер осы қойындыда сіз байламаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, дереу осы сессиядан шығыңыз. Ең дұрысы, есептік жазбаңызды қорғауды күшейту үшін екі сатылы тексеруді қосыңыз.
Сондай-ақ егер сіз таныстарыңыздан қарызға ақша сұрайтын хабарламалар алсаңыз, алдымен сол досыңызға қоңырау шалып, оның қаражатқа мұқтаж екеніне көз жеткізіңіз.