15 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстарына байланысты Астанадағы бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
- Хусейн бен Талал көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына қарай 70 метрге;
- Жаңадария көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Пригородный шағын ауданына қарай 70 метр.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан көшелердегі кептелісті болдырмау үшін сапарларын алдын ала жоспарлауды және балама көшелерді пайдалануды сұрайды.