Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін орындарға қоғамдық көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында № 18, 37, 303, 323 бағыттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Өзгеріс 15 қыркүйек күнін қоса алғанда болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгертілген қозғалыс сызбасын суреттен көруге болады.