Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында деформациялық тігістерді жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске схемаға сәйкес толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.