ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Ерік Мейрханов тағайындалды.
Ол еңбек жолын Халықаралық Мұнай-газ компаниясында бастаған. 2011 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамырына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті. Соңғы жылдары ҚР Президенті Протокол қызметінің инспекторы, қызмет бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.