Бүгін, 26 шілдеде Париж жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шара Астананың бірнеше нүктесінде тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тікелей эфирде олимпиаданың салтанатты ашылуын сағат 22.30-да елорданың келесі орындарында көруге болады:
- Орталық саябақ, Қазақстан теннис федерациясына қарама-қарсы (Beeline Arena);
- Mega Silkway лед экраны (ЭКСПО жағынан);
- Тұран даңғылы - Қонаев көшесі;
- Б. Момышұлы даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы;
- ЭКСПО аумағындағы экран;
- Арбат (Жағалау).