Елорда тұрғындары 26 шілде күні сағат 21:00-де- Орталық саябақ, Қазақстан теннис федерациясына қарама-қарсы бағытында (Beeline Arena) XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Ұлттық құраманы қолдау іс-шарасында Ұлықпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ақтоты Болшова және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Сондай-ақ, концерт көрермендері арасында ойын-сауық, спорттық батлдар өткізеді.
Жеңімпаздарға Jіbek Joly телеарнасының сыйлықтары табысталады.