Елордалық саябақта өзін-өзі қорғау бойынша жаттығулар өткізілді

Елордалық саябақта өзін-өзі қорғау бойынша жаттығулар өткізілді

Астана Триатлон паркінде кез келген ниеттілерге бейімделген дене шынықтыру бойынша сауықтыру сабағы өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өзін-өзі қорғау сабағын кәсіби жаттықтырушылар Василий Тахтай мен Нұрбек Жақыпов өткізді.

"Біздің жоба – ересек кәсіпқой спортшыдан бастап жас ұлдар мен қыздарға дейін кез келген адам келе алатын еркін аймақ. Біз өзін-өзі қорғау элементтері бар бейімделгіш дене шынықтыру жаттығуларының бағдарламасын жасадық. Біздің жобаның мақсаты - ұлтты сауықтыру, жастарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау", - деді кәсіби жауынгер және жаттықтырушы Василий Тахтай.

Спорттық іс-шараға түрлі жастағы қонақтар мен қала тұрғындары қатысты.

"Мен Василий Тахтайдың басшылығымен екі жылдан бері ММА-мен айналысамын. Осы уақыт ішінде мен Қазақстанның төрт дүркін чемпионы және ММА бойынша әлем чемпионы атандым. Мұндай іс-шаралар біздің халқымыздың салауатты өмір салтын ынталандыруға, ұлтымызды нығайтуға көмектеседі деп санаймын", - деді іс-шараға қатысушы Владимир Засыпкин.

Тегін жаттығулар Триатлон саябағында 1 қыркүйекке дейін сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері өтеді. Сабақ бір сағатқа созылады, басталуы сағат 19.00-де.