
Қазақстан теннис федерациясы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін теннис құрамасы анықталғандығын мәлімдеді. Париждегі жазғы Олимпиадада елімізге 5 жолдама берілгені белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, биыл Олимпиадалық теннис жарыстарында Қазақстанның намысын Астана қаласының төрт спортшысы қорғайтын болады. Атап айтқанда жекелей сында елордалық Елена Рыбакина (рейтингте 4-орын), Юлия Путинцева (34-орын), Александр Бублик (23-орын) және Александр Недовесов жұптық сында Александр Бубликпен ел намысын қорғайтын болады.