
Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 20 маусымы сағат 07:00-ден 22 маусым сағат 07:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы бойынша Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылатынын хабарлады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.