Астанада Сарайшық көшесіндегі учаске жабылады

Астанада Сарайшық көшесіндегі учаске жабылады

Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаске толығымен жабылады. Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сарайшық көшесінде Б.Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде осы жылдың 13 маусымы сағат 21:00-ден 17 маусым күні сағат 06:00-ге дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жоспарлануда.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.