Елордалық триатлон федерациясы 23 маусымда "ASTANA triathlon" спорттық іс-шарасын ұйымдастырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жарыс Триатлон паркінде спринт және стандарт (олимпиадалық) қашықтықтарында бөлінген маршрут бойынша жас санаттарын ескере отырып өтеді:
Спринт
- Жүзу-750 м;
- Веложарыс-20 км;
- Жүгіру-5 км.
Стандарт (олимпиадалық қашықтық):
- Жүзу-1500 м;
- Веложарыс - 40 км;
- Жүгіру - 10 км.
Эстафета (стандарт).
Қатысушылардың жиналуы Триатлон паркінің орталығында сағат 06:00-де басталады.
Денсаулық жағдайы бойынша келесі жас топтарында қашықтықты еңсере алатын барлық ниет білдірушілер қатысуға шақырылады: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары.
Қатысушыларды тіркеу Триатлон федерациясының сайтында жүргізіледі: https://astanatriathlon.kz/ru.
Ол қатысушылардың лимитіне жеткенде жабылады.
Әр финишер естелік медаль алады, ал жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады.