
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысында Қабанбай батыр даңғылын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 9 маусым сағат 22:00-ден 10 маусым сағат 22: 00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.