Жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа - Кенесары қиылысы жабылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа - Кенесары қиылысы жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылын орташа жөндеу шеңберінде Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында жұмыстар жүргізілетін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 8 маусымы сағат 20:00-ден 9 маусым сағат 22:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.