«Таза Қазақстан»: Астанада «Орда» тобы ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан»: Астанада «Орда» тобы ағаш отырғызды

Елімізге танымал «Орда» тобы «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Олар қолдарына күрек алып, Ботаникалық бақта ағаш отырғызды.

«Ағаш отырғызу – атадан қалған мирас. Осылай ағаш егіп, үлгі көрсетіп жатқанымызға қуаныштымыз. Бұл істің пайдасы зор, сол себепті ары қарай да жалғасын тапсын деп тілейміз», - дейді топ мүшесі Ерболат Беделхан.

Айта кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмысы жүргізілуде.