"Таза Қазақстан": Астанада чек-парақтарды 230 мың ШОБ субъектісі алады

"Таза Қазақстан": Астанада чек-парақтарды 230 мың ШОБ субъектісі алады

Астана әкімдігі елордалық кәсіпкерлер үшін жыл бойы тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша ұсыныстары бар чек-парақтар әзірледі. "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы аясында елордада кәсіпкерлерге чек-парақтар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұсыныстар жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ескере отырып өзгереді. Сондықтан олар төрт форматқа бөлінеді: көктем, жаз, күз және қыс.

Елордада 230 мыңнан астам ШОБ субъектілері жұмыс істейді, бұл экономикалық белсенді халықтың 75 пайызы.Акцияны өткізу барысында барлық ШОБ субъектілерін қамту жоспарлануда, түсіндіру жұмыстары және чек-парақтарды тарату жүргізілуде.

Бұл "кеңестердің" міндеті - қала мен қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру және дамыту.

Осылайша, “Көктем” чек-парақтары бизнес иелерін шатырларды қардан уақтылы тазартуға және жасыл желектерді отырғызуға шақырады;

"Жаз" міндеті - ағаштар мен жасыл желектерге күтім жасау, суару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық тазалауды тұрақты негізде жүргізу;

"Күз" міндеті - тайғаққа қарсы жабынды орнату және жылыту маусымына дайындалу;

"Қыс" міндеті - кіру топтарын көктайғаққа қарсы қоспамен өңдеу және тұрғындардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасау.

Астанада "Таза Қазақстан". Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы өтуде. Осы апта "Мөлдір бұлақ" деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.