Астанада жеңіл атлетика эстафетасының үздіктері анықталды

Астанада жеңіл атлетика эстафетасының үздіктері анықталды

Астанада жеңіл атлетикадан Жеңіс күніне орай студенттер мен мектеп оқушылары арасында дәстүрлі эстафета сайысы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Триатлон саябағында жеңіл атлетикадан ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында кезекті эстафета жеңімпаздары анықталды.

Іс-шараның салтанатты ашылуын Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов ашты.

Жарыс барысында 10 адамнан тұратын әр команда 10 кезең бойынша 2 250 метрді қашықтықты жүгіріп өтті.

«Тәуелсіздік алғалы бері ұйымдастырылып келе жатқан жүгіру эстафетасы биыл екінші мәрте «Триатлон» саябағында өтіп жатыр. Бұған дейінгі жылдары шарамыз қала ішіндегі Жеңіс даңғылында бастауын алатын еді. Бірақ соңғы жылдары жыл сайын елордамызға 50-60 мың адамның көшіп келуіне байланысты көлік ағыны көбейді. Сондықтан өзгелерге кедергі жасамау үшін осындай қадамға бардық», - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.

Эстафетада 4 ЖОО, 7 колледж, 15 мектеп бақ сынады.

Турнирдің қорытындысы:

Мектеп 1-орын: №32 гимназия мектебі;

2-орын: №22 гимназия мектебі;

3-орын: Қасым Қайсенов атындағы №32 мектеп лицейі.

Колледж 1-орын: Педагогикалық колледж;

2-орын: Астана политехникалық колледжі;

3-орын: Менеджмент және бизнес колледжі.

Университет 1-орын: Астана халықаралық университеті;

2-орын: Ауыл шаруашылық университеті;

3-орын: Медицина университеті.

Іс-шара соңында жеңімпаздар арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.