Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы топ жарды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Айбота Ертайқызы топ жарды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі елордалық Айбота Ертайқызы Ташкентте өткен Азия біріншілігінде бір алтын, бір күміс пен бір қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жерлесіміз таспамен (32.90 ұпай) жаттығуда тұғыр биігінен көрінсе, доппен (32.65 ұпай) жаттығуда күміс, ал шығыршықпен (33.25 ұпай) жаттығуда үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, ол құрлықтық доданың медальдар жиынтығын жеңіп алды.