Конкурдан әлем кубогы: елордалық Ержан Мағжаев күміс жүлдегер атанды

Конкурдан әлем кубогы: елордалық Ержан Мағжаев күміс жүлдегер атанды

Конкурдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында конкурдан өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде командалық маршрутта отандастарымыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында Астана қаласының шабандозы Ержан Мағжаев өнер көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл сында Өзбекстан командасы жеңімпаз атанса, Қырғызстаннан барған шабандоздар үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінде 11 елдің спортшылары бақ сынауда. Байрақты бәсеке 5 мамырға дейін жалғасады.