«Олимпқа жол»: Астанада әлемге танымал гимнастика шеберлері болашақ чемпиондармен кездесті

«Олимпқа жол»: Астанада әлемге танымал гимнастика шеберлері болашақ чемпиондармен кездесті

Астанадағы көркем гимнастика орталығында «Азия балалары» Халықаралық комитетінің ұйымдастыруымен «Олимпқа жол» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жоба аясында жас гимнастар көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы Вера Бирюковамен және Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьевамен кездесті.

Шеберлік сағаты барысында астаналық 85 дарынды гимнаст тәжірибелі спортшылардың жетістігінің құпиясын білуге мүмкіндік алды. Әлемге танымал спортшылар өз білімдерімен бөлісіп, жас қатысушыларды гимнастика саласындағы жаңа жетістіктерге шабыттандырды.

Оған тәжірибелі көркем гимнастар ғана емес, жаңадан бастаған 4-5 жастағы спортшыларымыз да қатысты.