Астаналықтар сенбілікте әкімдік ұйымдастырған сыйлықтарды тауып алды

Астаналықтар сенбілікте әкімдік ұйымдастырған сыйлықтарды тауып алды

13 сәуірде елордада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы басталды. Бүгін қалада сенбілік өтті. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, оқушылар мен студенттер, ОСИ (ПИК) және басқалар қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бұған дейін әкімдік қаланың үш жерінде "Орел мен решка" бағдарламасы форматында демеушілерден әрқайсысы 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар жасырылғанын хабарлаған болатын.

Сенбілік кезінде сыйлықтардың иегерлері анықталды.Астаналық Гүлнар Сұлтанқұлова Орталық саябақта жасырылған ақша қораптарының бірін тапты.

"Мен бүгін қалалық сенбілікке аумақты тазартуға келдім. Тазалау кезінде мен қорапты таптым, оның ішінде ақша болды. Бұл мені қатты қуантты. Менің 4 немерем бар. Мен бұл сыйлықты немерелеріме көрсетемін, оларға тәттілер сатып аламын. Жыл сайын біз сенбілікке шығамыз, қаламыздың әдемі, тазартылған, таза болғанын қалаймыз. Бұл сенбілік әр апта сайын өтеді, сондықтан барлығын қатысуға шақырамын", - деп қуанышын жеткізді жеңімпаз.

Ботаникалық бақтағы тағы бір жүлде иегері - "Жасыл ел" компаниясының қызметкері Қуанышбек Жұматаев.

"Біздің ұйым тазалаумен айналысады, бақ өте таза болған кезде жақсы. Адамдарды осылай ынталандырғандарыңыз үшін рақмет. Жалпы, қаладағы сенбіліктер біз үшін де, тұрғындар үшін де пайдалы", - деді ол.

Ақша салынған қорапты тапқан үшінші адам атын жасырын ұстауды жөн көріп, қатысушыларға жағымды тосын сый жасағаны үшін ауқымды экологиялық акция ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Қала кәсіпорындарының өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері, еріктілер және тағы басқалар Астананы тазарту және абаттандыру бойынша ауқымды акцияға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, еліміз бойынша басталған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық ауқымды акциясы бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.

Бірінші апта "Таза өлке" деп аталады - бір апта ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды жинайды.

Екінші апта "Киелі мекен" атауын алып, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.

20-27 сәуір аралығында "Жасыл аймақ" апталығы ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада" Мөлдір бұлақ" деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.