Елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы басталады

Елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы басталады

15 сәуірде елордада "Astana Bike" велопрокатының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

15 сәуір күні таңғы сағат 09:00-де елордада "Astana Bike" велопрокат маусымы ашылады.

Билет сатып алу және велосипедтерді жалға алу басталғаннан кейін бірден қолжетімді болады. Абонементті тіркеуге және сатып алуға, сондай-ақ велопрокат бойынша барлық қажетті ақпаратты сайттан білуге болады www.velobike.kz.