Жәндіктер мен кеміргіштерді жою: Астанада көктемгі дератизация жұмысы басталады

Жәндіктер мен кеміргіштерді жою: Астанада көктемгі дератизация жұмысы басталады

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елордада көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзендер, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады.

Жеке сектор тұрғындары арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 тур арқылы өңдейді, яғни дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді. 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр. Үй иелері сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерде немесе үйдің төбесінде сақтау керек.

Сондай-ақ, дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттармен өңдеу өзендердің, каналдардың, су айдындарының жағасында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3264 гектарды құрайды.

Дератизация ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.