Тазару күні: Астанада "Тазару" жалпыұлттық акциясы өтеді

Тазару күні: Астанада "Тазару" жалпыұлттық акциясы өтеді

23 наурыз күні сағат 10.00-де Астанада өңіраралық "Тазалық эстафетасы" аясында Жаңа жыл жаңа мақсатпен, жаңа үмітпен кездесуін айшықтайтын "Тазару" жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция аясында аулаларды, көшелерді, сондай-ақ арықтарды қар мен қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Акцияға қала тұрғындары, бизнес өкілдері, құрылыс компаниялары, еріктілер, қоғамдық ұйымдар, мәдениет қайраткерлері, спортшылар және т.б. қатысады.

Биыл Қазақстанда Наурвз 10 күн тойлануда. 23 наурызда Наурызнамның онкүндігінде Тазару және жаңару күні аталып өтеді.