
Қыстың басынан бастап коммуналдық қызмет елордадан полигондарға 4,4 млн текше метр қар шығарды. Жұмыстар тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
12 ақпанда бір күнде қаладан 37 мың текше метр, яғни үш мыңға жуық рейс қар шығарылды.
12-13 ақпан аралығында қар тазалау жұмыстарына мыңнан астам арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылады.
Айта кетейік, қыс басынан бері полигондарға шамамен 4,4 млн текше метр қар шығарылды, бұл 322,7 мың ауыр жүк көлеміне тең.