Астанада түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмысына 1,4 мыңнан аса техника жұмылдырылды

Астанада түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмысына 1,4 мыңнан аса техника жұмылдырылды

Елордалық коммуналдық қызмет көшелерді, тротуарларды, алаңдар мен жолдарды қар мен мұздан тәулік бойы тазалау бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. Күн сайын 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмысқа тартылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

9 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде 8-9 ақпан аралығында қаладан үш мыңға жуық рейс, 40 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс басталғаннан бері полигондарға 4,1 млн текше метрден астам қар жеткізілді, бұл 302 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.