«Қар десанты»: Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қар күреу акциясын өткізді

«Қар десанты»: Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қар күреу акциясын өткізді

Елордада оқушылар мен колледж студенттері арасында «Қар десанты» бірыңғай еріктілер эстафетасын өткізу дәстүрге айналып келеді. 2024 жылдың 19 қаңтар күні сағат 14:00-де барлық орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өз аумағында қар тазалау акциясы басталады. Мақсаты саналы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, өскелең ұрпақты еңбекке баулу, ынталандыру, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл балалардың бастамасы қала әкімдігі тарапынан қолдау тапты. Бір уақытты 127 білім беру ұйымдарының еріктілер эстафетасы «БІРГЕМІЗ» флэшмобынан басталды. Эстафетаға Астана қаласының 97 жалпы білім беру ұйымдары, 30 колледжі белсене қатысып, 12 700 бала қамтылды. Акцияны бастар алдында барлық қатысушыларға өз ұйымдарының аумағын тазарту бойынша іс-қимыл бағыттары түсіндірілді.

Осы уақытта №22, 29, 41 білім беру ұйымдарының мектепішілік Парламентінің өкілдері әлеуметтік нысандарда жұмыс істеді.

- Сарыарқа ауданы – «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы («Көктал-1» тұрғын алабы);
- Алматы ауданы – зейнеткер Камал Темірованың үйін қардан тазалауды ұйымдастыру (Екібастұз көшесі, 77 үй).

Астана қаласының мектепішілік және студенттік өкілдері еріктілер эстафетасын Шығыс Қазақстан облысының мектепішілік және студенттік Парламент көшбасшыларына жолдайды.

Акцияның қатысушылары биылғы қыстың қарлы болғанын атап өтті. Осы әлеуметтік маңызы бар эстафета барлық қала тұрғындарын бей-жай қалдырмай, сүйікті қаласына қолдан келген көмектерін көрсетуге шақырады.