
Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2024 жылғы 10 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.