Астана кітапханаларында қазақ тілінен тегін курстарға қабылдау жүргізіледі

Астана кітапханаларында қазақ тілінен тегін курстарға қабылдау жүргізіледі

№12 бұқаралық кітапхана және Астана ОКЖ КММ Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы «Руханият» КММ-мен бірлесіп, қазақ тілін үйрену бойынша тегін курстарға қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Курстар 18 жастан асқан жаңадан офлайн форматта бастауыш және жалғастырушы деңгейлер бойынша өтеді.

Оқыту 1 ақпаннан басталады. Оны өтуге ниет білдірушілер өздерімен бірге жеке куәлігінің көшірмесін алып баруы қажет. Сабақтар аптасына 2 рет, ұзақтығы 1 сағат 20 минуттан өткізіледі.

Курстарға жазылу үшін мына мекенжайларға бару керек: Луи Пастер көшесі, 73, 10:00-ден 17:00-ге дейін (№12 көпшілік кітапхана), Бөгенбай батыр даңғылы, 52 (Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы).