Елорда тұрғындарын Аяз Ата мен Ақшақар құттықтады

Елорда тұрғындарын Аяз Ата мен Ақшақар құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында Аяз Ата мен Ақшақар елорданың қоғамдық орындарын аралар, тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтады деп, хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астаналықтар да тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда белсенділік танытты. Олар ән айтып, би биледі. Ал балалар Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата мен Ақшақарға жатқа өлең оқыды.

Белсенді тұрғындарға ыстық бауырсақтар мен тәтті сыйлықтар таратылды. Осылайша, аялдамада автобусты күтіп тұрған жолаушылар мерекелік көңіл-күйді сезінді.