Есіл ауданында тұрғын үй кешендерінің орнына әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер салынады

Есіл ауданында тұрғын үй кешендерінің орнына әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер салынады

Елордада нүктелік құрылысқа қарсы күрес жалғасуда. Бұрын жоспарланған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің орнында қандай нысандар пайда болады? Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аудан әкімінің сөзінше, бүгінде осы жүйелі мәселені шешу жолында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Тұрғындармен және Сәулет басқармасымен бірлесіп бірқатар мекенжайлар бойынша ЖЖЕ өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мәселен, Орынбор, Ақмешіт, Алматы және Түркістан көшелерінің квадратында көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына желілік саябақтың құрылысы жалғасатын болады.

Қабанбай батыр даңғылындағы жер учаскесінің бір бөлігі мектеп құрылысына берілді. («Поколение» ТК).

«Сонымен қатар, «Нова Сити» ТК ауданындағы учаскедегі ЖЖЕ бойынша паркинг пен көлік жуу орнына арналған құрылыс балабақша құрылысына өзгертілді. Біздің аудан-ең қарқынды дамып келе жатқан аудан, сонымен бірге Есіл ауданы елорданың әкімшілік орталығы болып табылады. Бүкіл қала тұрғындары мен шетелдік туристерді қызықтыратын сүйікті орын. Біз ауданның дамуы мен өркендеуі үшін көп күш жұмсаймыз. Бізге тұрғындардың өздері де, яғни өз бастамалары мен ұсыныстарымен көмектеседі», - деп қорытындылады Асылбек Есенбаев.