Астанада Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда студент жастар мен елорданың жоғары оқу орындары арасында «JASTAR JALYNY-2023» жастар шығармашылығы фестивалінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фестиваль осы жылдың 4-13 желтоқсаны аралығында өтті, үздіктер 10 номинация бойынша анықталды. Іс-шара қаланың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті.
«JASTAR JALYNY-2023» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және оларға жағдай жасау, рухани және мәдени әлеуетті дамыту, студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, белсенді азаматтық, әлеуметтік жауапкершілікті, патриотизм сезімін, адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттерді арттыру мақсатында өткізілді.
Фестивальдің конкурстық бағдарламасына елорданың 13 университеті қатысты.
«JASTAR JALYNY-2023» фестивалінің жеңімпаздары:
«Заманауи би» номинациясы бойынша:
I орын – «Turan-Astana» университетінің «TAU ROCKET» би тобы.
II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «ARROW CREW» би тобы.
III орын – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Black mamba» би тобы.
I орын – Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Сәния Сәкенова және Милана Струсинская.
II орын – Астана Халықаралық университетінің «Мөлдір-ай» тобы.
III орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шаттық» би ансамблі.
I орын – «Turan-Astana» университетінің «JASTAR ORTALYGY» құрамасы.
II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «SEIFULLIN» құрамасы.
III орын – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының «APEMS» құрамасы.
I орын – Astana IT университетінің студенті Ибрагим Ғалымжанұлы;
II орын – Астана медицина университетінің студенті Әлрами Алдабергенов;
III орын – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының студенті Борис Черкасов.
I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті Елдар Әмірхан;
II орын – Астана Халықаралық университетінің студенті Анар Өтегенова;
III орын – Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Ажар Ерназар;
I орын – «Turan-Astana» университетінің «JASTAR TAU» командасы;
II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «KAZATZU MEDIA» командасы;
III орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы.
I орын – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті – Медина Журтекина;
II орын – «Turan-Astana» университетінің студенті – Алуа Қазыбаева;
III орын - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті – Айнұра Сәдуақасова.
I орын – Астана Халықаралық университетінің студенті – Ангелина Демина;
II орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті – Самал Мұқашева;
III орын – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенті – Дина Анарбекова.
I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шабыт» ұлттық аспаптар ансамблі;
II орын – М.Narikbayev атындағы «KazGUU» университетінің «VIA MNU» тобы;
II орын – Астана Халықаралық университетінің «Аманат» ансамблі;
III орын – Astana IT университетінің «AITU» оркестрі.
I орын – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ақжелкен» театры;
II орын – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қызыл жебе» театр студиясы;
III орын – Астана Халықаралық университетінің «Ozge theatre» театры.
«JASTAR JALYNY-2023» жастар шығармашылығы фестивалінде Гран-при иегері – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.
«JASTAR JALYNY-2023» фестивалінің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан құралды. Бағдарламаны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалады.
Байқау жеңімпазы атанған жастар қаржылық сертификаттармен марапатталады: бірінші орын – 100 мың теңге, екінші орын – 70 мың теңге, үшінші орын – 50 мың теңге. Гран-при иегеріне 500 мың теңге табысталды.