Астанада 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық техника қар күрейді

Астанада 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық техника қар күрейді

Астанада коммуналдық қызметтер қыс мезгілінің басталуымен және қардың мол жаууына байланысты тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

6 желтоқсан күні таңертең қала көшелерінің қарын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшы мен 1000-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Ең алдымен, орталық көшелер, жолаушылар көлігі жиі қатынайтын орындар, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, Астанада 6 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ болады.
Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с.

Қалада жабдықталған бірнеше қар полигоны бар.
Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін санау жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.